Нұр-Сұлтан 18°
×
21.02.2022, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шымкент еріктілері алғыс арқалап жүр

Шымкент қаласында бүгінде 45 қайырымдылық қор бар. Ал шымкенттік еріктілер тұрғындарға көмек қолын созу үшін 13 қайырымдылық қормен тығыз жұмыс істейді. Осы орайда қаланың еріктілері жыл бойы атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді деп хабарлады Elorda.info

Шымкент еріктілері алғыс арқалап жүр
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бастап волонтерлер «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ШҚО Риддер қаласындағы Лесхоз кентінде болған өрттен зардап шеккен 35 отбасыға тұрмысқа қажетті заттар, бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, киім-кешек, ыдыс-аяқтар (кілем, арба, айыр, кетпен, күрек) жөнелтті. Сондай-ақ Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккен жергілікті халыққа Шымкент қаласындағы қайырымдылық қорлар мен жанашыр азаматтарынан құралған «Ел бізге-Аманат» тобы 2 миллионнан астам қаржы жинап, азық-түлік тиелген 2 жүк көлігімен гуманитарлық көмек көрсеткен.

Ал Рамазан айында волонтерлік ұйымдар қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға (ет, дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, жиһаз) 4000-ға жуық себет үлестірген.

Сондай-ақ «Волонтеры Шымкента» 350-ге жуық, «ASSA» жастар қоғамдық бірлестігі 1000- нан астам, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры 500-ге жуық, «Добряки Шымкента» 350-ге жуық, «Meyirim.kz» қайырымдылық қоры 100-ден астам, «Харекет» қайырымдылық қоры 200-ден астам, «Ана жолы» қайырымдылық қоры 150-ден астам, «Лига волонтеров Шымкента» 200-ге жуық, «Клуб Добряков Шымкента» волонтерлік қозғалысы 200-ге жуық  ауызашар тағамын таратқан. Ал «Сенім» медицина еріктілері 80-ге жуық.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы 26 отбасыға баспана кілтін табыстады. 2021 жылдың соңына дейін «Харекет» қайырымдылық қоры Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 баспана» акциясы аясында асыраушысынан айырылған көпбалалы жағдайы төмен отбасы мен ата-анасынан айырылған балаларға баспана кілті табысталды.

«Birgemiz:Saulyq» бағыты аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Мен донормын», «Дені саудың - жаны сау» акциялары аясында қаламыздың 4 ауданындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты 80-ге жуық қарт кісінің қан қысымын өлшеп, керекті дәрумендер, яғни жеміс-жидектер жеткізілді, - дейді Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы әл-Фараби ауданы Жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекшісі Қаламқас Керімбай.

Оның айтуынша, «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», «Blitth» акциялары аясында 50-ге жуық әртүрлі сала маманымен бірге оңалту орталықтарындағы аналарға 2 айға жуық білім беру, шеберлік сағаттары, тренинг жұмыстары ұйымдастырылған. Жастарды тазалыққа баулу, қоршаған экологияны қорғау, жаңа ортамен таныстық орнату мақсатында Eco sana: «Біз таза қала үшін» жобасы аясында волонтер жастарға арналған оқыту семинар-тренингі өтті.

«Birgemiz: Тaza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының волонтерлері «Біз таза қала үшін», «Таза қала тұрғындары» сенбілік акциялары демалыс, тұрғын алаптарында, ардагерлер үйінде, мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты қарттар үйінде, сонымен қатар саябақтарда 40-қа жуық сенбілік көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізген.

Жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту мақсатында  «Қоқыс біздікі емес, бірақ қала – біздікі» атты ECO SANA қозғалысының 2 маусымы 4 аудан аумағында ұйымдастырылды. Дегенмен шымкенттік еріктілер мұнымен тоқтап қалған жоқ.

«Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Ерекше жол», «Қасиет жол» және «Жігер» қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» акциясын оңалту орталықтарындағы және бейімдеу орталықтарындағы балаларға арнап 70-ке жуық акция ұйымдастырылды.

«Birgemiz: Umit» жалпыұлттық жобасы аясында Жастар ресурстық орталығының еріктілері және ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменті, «Отбасыңды улы газдан сақта» акциясы аясында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде 30-ға жуық акция ұйымдастырды. Сонымен қатар суға шомылу маусымы басталуына орай қоғамдық орындарда болу және су пайдалану ережелерінің талаптарын сақтау бойынша Төтенше жағдай қызметкерлерімен қала еріктілері бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жазғы демалыс басталысымен облыс тұрғындары мен меймандары дем алу үшін демалыс аумағына, кемпингтерге, әртүрлі су айдындарына көптеп барады. Осы орайда, суда адам өліміне жол бермеу мақсатында департамент облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірге кешенді алдын алу шараларын жүргізуде.

Шымкент қаласының 4 аудан аумағында орналасқан су қоймалары, «Қайнарбұлақ көлі» шомылуға тыйым салынған орында, Абай ауданы ТЖБ қызметкелері, Полиция департаменті, Абай ауданы әкімдігінің және жедел құтқару жасағының жеке құрамымен шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Ақжар су қоймасында, Еңбекші ауданының ТЖБ мен №2,7 өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасақтың қызметкерлері еркітілермен бірлесе «Қауіпсіздік сенбілігі» акциясы аясында Бадам өзені бойында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Добряки Шымкента» волонтерлік ұйымы 100-ге жуық іздестіру жұмысын жүргізді, – дейді Қаламқас Керімбай.

Оның айтуына қарағанда, осыған орай тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында 18 тамыздан бастап Шымкентте «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болды. Құрамына ТЖД, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың, газ беру мекемелерінің қызметкерлері және Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілері кіретін мобильді топтар қала тұрғындары арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

«Біркөлік Айса» демалыс аумағында волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту, қаладағы ерікті топтардың басын қосатын ортақ алаңша қалыптастыру, олардың білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Шымкент жастары еріктілік – өзін-өзі басқару» тимбилдинг оқу жаттығу лагері өткізілді.

«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында қаламыздың мұражайларында қаладағы ерікті жастармен тарихи-мәдени мұраларды сақтау бойынша Бейнелеу өнері мұражайында, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайларында 15-ке жуық іс-шара ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар «MEYIRIM.KZ» Электрондық қайырымдылық порталы іске қосылды, порталдың негізгі мақсаты – қайырымдылықтың автоматтандырылған есеп жүйесі. Көрсетілетін көмек түрлерін және олардың сапасын және т. б. талдау үшін қайырымдылық қорлары үшін бірыңғай портал құру. 

Жыл басынан бері «MEYIRIM.KZ» электрондық порталында көмек көрсетілген отбасылардың және тіркелгендердің жалпы саны – 3564. Мұқтаж отбасылар 3622 болса, порталға тіркелген қорлар саны 31. Ал порталға 16 заңды тұлға, 4 әлеуметтік дүкен және 73 ерікті тіркелген, – дейді Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы әл-Фараби ауданы Жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекшісі Қаламқас Керімбай.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері