×
15.02.2022, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Жолаушылар Тальго пойызына жеңілдікпен билет ала алады

Ақпан айының соңына дейін жолаушылар кейбір Тальго маршруттарындағы жеңілдіктерді пайдалана алады, деп хабарлады Elorda.info.

Жолаушылар Тальго пойызына жеңілдікпен билет ала алады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылғы ақпан айының соңына дейін Тальго коммерциялық пойыздарына келесі бағыттар бойынша жеңілдіктер жасалатынын хабарлайды:

№ 29/30 "Алматы 2 – Атырау" 35% дейін;

№ 51/52 "Алматы 2 – Нұр-Сұлтан 1 – Орал" 28% дейін;

№ 69/70 "Алматы – Өскемен 1" 51% дейін;

№ 111/112 "Алматы 2 – Маңғыстау" 43% дейін;

№ 105/106 "Алматы 2 – Петропавл" 46% дейін;

№ 711/712" Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент " 43% дейін.

Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері