Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 21:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жеке көмекші қызметін кімдер пайдалана алады

Қазақстанда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топ мүгедектігі бар азаматтар мемлекет қаржысы есебінен жеке көмекші қызметін пайдалана алады, деп хабарлады Elorda.info.

Жеке көмекші қызметін кімдер пайдалана алады

Қызмет ХҚКО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді.

Қызметті онлайн алу үшін:

1. Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз;

2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз;

3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.

Қызметті ХҚКО-да алу үшін:

1. Өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат;

3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.

Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері