Нұр-Сұлтан 9.9°
×
27.01.2022, 12:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елімізде жастардың орташа жас мөлшері 35-ке дейін ұзаруы мүмкін

Сенат депутаты Дана Нұржігіт Мемлекет басшысының елдегі орташа жас мөлшерін 29-дан 35-ке дейін ұзарту туралы айтқан ұсынысын заң негізінде қарастыруды ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде жастардың орташа жас мөлшері 35-ке дейін ұзаруы мүмкін

Оның ойынша, бұл өзгеріске қазақстандық жастардың некеге тұру жасы мен оқу және біліктілікті арттыру жасының ұлғаюы себеп болып отыр.

Осы орайда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізіледі. Онда Мәжілісте тіркеген кезде партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауы тиіс. Аталған заңға сәйкес, жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұзарту қарастырылды ма?− деген сауал жолдады.

Әділет вице-министрі Алмат Мадалиевтың айтуынша, жастарға қатысты қоғамдық қатынастар «Жастар саясаты» туралы заңмен реттеледі. Бұл заңға сәйкес, жастар санатында 14-тан 29-қа дейінгі аралық қамтылған. Егер осы заң аясында жасты көтеру мәселесі қарастырылатын болса, онда сайлауға түсуге ниетті жастардың жасын арттыру мәселесі қарастырылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері