Нұр-Сұлтан 9.9°
×
27.01.2022, 10:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 211 қызметкер өтемақы алды

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген дәрігерлерге, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төленіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 211 қызметкер өтемақы алды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының, ТЖД және құтқару қызметінің ТЖ кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген қызметкерлеріне материалдық көмек аударылды.

Хабарланғандай, аталған салалардың зардап шеккен қызметкерлеріне өтемақы төлеу өткен дүйсенбіде басталды. Бүгінде аталған көмекті 211 адам алды. Өтемақы процесі жалғасуда.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлер марапатталды. Оның ішінде 3882 денсаулық сақтау саласының қызметкері жалпы сомасы 546,7 млн теңгеге, 93 құтқарушы - 13,1 млн теңгеге және ТЖД 1207 қызметкері - 126 млн теңгеге.

Жақын күндері қалалық Полиция департаментінің 3 878 қызметкеріне толық көлемде қаражат аудару аяқталады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері