Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 10:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Маңғыстаулық әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған

Маңғыстауда әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстаулық әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында сотталғандардың біріне арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде ұялы телефон табылып, тәркіленді.

Қызметкерлер оны мекемеге келген әйелден тапты. Тыйым салынған зат кір сабынының ішіне жасырылған. Әйел құрылғыны күйеуіне осылайша жеткізбекші болған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Қызметкерлер тыйым салынған заттар мен есірткі заттарын кез келген айла-амалдармен өткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері