Нұр-Сұлтан 15°
×
21.01.2022, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Мүлде қажетсіз бастама»: Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақы аудару туралы

Президент мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуы пікір білдіріп, оның «мүлдем қажетсіз бастама» екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

«Мүлде қажетсіз бастама»: Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақы аудару туралы
Фото: ашық дереккөз

Үндеуімді қолдап, «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударып жатқандарға алғыс білдіремін. Бұл игі және дер кезінде жасалған әрекеттер ең жоғары бағаға лайық. Бірақ бұл жерде формализм мүлдем болмауы керек. Мемлекеттік қызметшілерден, бюджеттік қызметкерлерден бір күндік жалақы жинала бастады. Бұл мүлде қажетсіз бастама, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қор бюджеттік қор емес екенін мәлімдеді.

Бұл - Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысын бюрократиялық процедурасыз құру керек. Бұл жұмыс толық ашық болады. Барлық ірі компания пайдалы қайырымдылық қызметпен айналысатын қорға үкімет белгілеген салық кірісінің пайызын енгізеді. Бизнес қауымдастық бұл бастаманы шын жүректен қолдайды және қорға жобаны жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге, 75 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 19,2 миллиард теңге түскен.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері