Нұр-Сұлтан 9.4°
×
20.01.2022, 18:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 222 мыңнан астам адам автобустарда жолақысын төлемеген

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде өткен жылы жолақысын төлемеген 222,4 мың адам анықталған, деп хабарлады Elorda.info

Елордада 222 мыңнан астам адам автобустарда жолақысын төлемеген
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы Facebook-парақшасында жазды.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында рейдттер жүргізеді. Өздеріңіз білетіндей, «қояндар» жолақыны тек Көліктік бақылау департаменті қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді, – делінген компанияның жазбасында.

Компанияның мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтаған. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар хабарламада Көліктік бақылау департаменті қызметкерлерінің қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс сызбасын өзгертуіне және тағы да басқа жайттарға мониторинг жүргізетіндігі айтылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері