Нұр-Сұлтан 8.6°
×
20.01.2022, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шетелде қалып қойған туристер елімізге қаңтар айының соңына дейін қайтарылады

Қазіргі уақытта туристік агенттіктер арқылы шетелге демалысқа барып, сонда қалып қойған 96 Қазақстан азаматы бар, деп хабарлады Elorda.info «Туристік қамқор» қорына сілтеме жасап.

Шетелде қалып қойған туристер елімізге қаңтар айының соңына дейін қайтарылады
Фото: ашық дереккөз

20 қаңтар күні Пхукет-Алматы рейсі ұшып келеді және ол арқылы 76 адам отанына оралады. 22 қаңтарда Мале – Алматы және Гоа – Алматы рейстерімен Қазақстанға тағы 20 турист келеді.

Осылайша, туркод арқылы туристік фирмалардың қызмет көрсетуімен ұйымдасқан барлық туристер 22 қаңтарда Қазақстанға қайтарылады, - дейді қордағылар.

Қордың мәліметінше, барлық туристер жатақханамен және тамақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ олар авиакомпаниялардың ұшу кестесіне сәйкес жеткізілетін болады.

Тағы 44 туристтің ПТР сынамасы оң нәтижесін берген. Оларды оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру арқылы алып келеді.

Қор атынан әуе компанияларына ПТР сынағының мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтарды бортқа кіргізу туралы өтінішпен ресми хат жіберілді, - деп қосты «Туристік қамқор» қоры.

Төтенше жағдай жарияланған кезде шетелде барлығы 7636 турист болған. 6-19 қаңтар аралығында елге 7540 адам қайтарылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері