Алматыдағы тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін қаражат беріледі, деп хабарлады Elorda.info.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, зардап шеккендерге өтемақы төленіп, қолдау көрсетіледі.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандар екі миллион теңге, орташа жарақат алғандар - бір миллион, жеңіл жарақат алғандар - бес жүз мың теңге алады, - деді Б. Сағынтаев.