Нұр-Сұлтан 13.9°
×

Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленуде

Премьер-министр Әлихан Смайылов жеке тұлғалардың банкроттығы мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленуде
фото: ашық дереккөзден

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» (Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы) Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы қаржы, әділет министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары баяндады.

Үкімет басшысы Заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен Премьер-министр Кеңсесіне енгізуді тапсырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері