Нұр-Сұлтан 12.4°
×
18.01.2022, 13:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстанда борышкерді баспанасынан шығаруға уақытша тыйым салынды

Елімізде борышкерлерді баспанасынан шығаруға және үйді бұзуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда борышкерді баспанасынан шығаруға уақытша тыйым салынды

Министр елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жоспарды таныстырды. Онда әртүрлі бағыт бойынша 51 пункт бар. 

Сол пункттердің бірінде тұрғындар мен кәсіпкерлікті қолдау мәселесі қарастырылған. Атап айтар болсақ, 2022 жылдың 1 ақпанына дейін уақытша тоқтату және кейінге шегеру, утилизациялық алым ставкаларын қайта қарастыру.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін борышкерлерді немесе бұзуға кететін ғимарат тұрғындарын баспанасынан шығаруға уақытша шектеу қойылды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері