Нұр-Сұлтан 8.6°
×
17.01.2022, 19:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық волонтерлер зейнеткерлердің ауласының қарын күреді

Соңғы күндері елордада қар көп жауды. Осыған байланысты «Астана жастары» КММ волонтерлері қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірге жалғыз тұратын зейнеткерлерің ауласының қарын тазалауға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық волонтерлер зейнеткерлердің ауласының қарын күреді

Қардың мол түсуіне байланысты қала әкімдігінің «Астана жастары» КММ еріктілері Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп зейнеткерлердің ауласының қарын тазалауға көмек көрсетті.

Еріктілер қолдарына күрек алып, ауласының қарын тазалап, жолын тазартты. Басты мақсат – елордамыз бен тұрғындары үшін игі іс жасау.

Еріктілердің көмегі әрқашан қарт азаматтардың көңіл-күйін көтереді, келер күніне деген сенімділігін оятады, тіпті рухани күш береді. Сол сияқты үлкен кісілерге көмек көрсету жастардың мейірімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері