Нұр-Сұлтан 9.4°
×
17.01.2022, 13:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Аустралия «Спутник V» вакцинасын мойындады

Аустралияның ішкі істер департаменті коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының екі дозасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аустралия «Спутник V» вакцинасын мойындады

17 қаңтарда агенттік сайтында елге кіруге жарайтын вакциналар туралы ақпарат жаңарды. Жаңа ақпаратта Аустралияға кіруге рұқсат етілетін COVID-19-ға қарсы вакциналардың тізіміне ресейлік вакцина кірді.

Егер сіз емдік тауарлар басқармасы (TGA) мақұлдаған немесе мойындаған вакцинамен вакцинация курсынан өткен болсаңыз, сіз Аустралияға бару үшін толық вакцинацияланған болып саналасыз. Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы «Спутник V», - делінген Ереженің жаңартылған нұсқасында.

Келген саяхатшы толық вакцинацияланған болып есептелуі үшін, соңғы екпеден кемінде жеті күн өтуі керек екені айтылған. Шетелден келген саяхатшылар толық вакцина алғаны туралы сертификат ұсынуы керек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері