Нұр-Сұлтан 9.4°
×
17.01.2022, 10:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Сенат және Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдау мақсатында бір күндік жалақыларын осы қорға аударды, деп хабарлады Elorda.info  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды
фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде тапсырған болатын. Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысады. Мемлекет басшысы атап өткендей, қорда жиналған қаражат сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қала, аудан, кент, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері