Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 18:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тәртіпсіздік кезінде із-түссіз жоғалғандар туралы ақпарат жинақтайтын сайт ашылды

Жаппай тәртіпсіздікпен аяқталған оқиға уақытында жоғалған, жарақаттанған, қаза тапқан адамдар туралы ақпарат жинайтын сайт ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Тәртіпсіздік кезінде із-түссіз жоғалғандар туралы ақпарат жинақтайтын сайт ашылды

www.izsizqantar.com сайтында қайтыс болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні мен ақпарат берушінің аты-жөні жинақталады.

"Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз", – деп көрсетілген сайтта.

Күні кеше Алматы полициясы жақынын жоғалтып алғандардан үш арыз түскенін айтты. Баласын іздегендердің көбі полицияға арыз тастамаған. Заңгерлер керісінше уақыт өткізбей, із-түссіз кеткен адам туралы барлық деректерді полицияға беру қажет екенін айты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері