Нұр-Сұлтан 19.1°
×
14.01.2022, 18:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыда дүкен тонағандар Атырауда қолға түсті

Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген, деп хабарлады Elorda.info.

Алматыда дүкен тонағандар Атырауда қолға түсті
Фото: ашық дереккөз

Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері