Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 15:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жамбылдық тұрғындар полицияға ұрланған 40 қаруды тапсырды

Жамбыл облысының тұрғындары полицияға 40 дана ұрланған қару тапсырды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жамбылдық тұрғындар полицияға ұрланған 40 қаруды тапсырды
Фото: inform.kz

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар өңір комендантының мәлімдемесінен соң, өздері полицияға хабарласып, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің жатқан жері туралы хабар беріп жатыр. Қоңыраулар Тараз қаласынан да, облыстың аудандарынан да түсіп жатыр.

Ұрланған қаруды өткізгендер қылмыстық жауапқа тартылмайды және оның қару өткізгені туралы ақпарат та ешкімге жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері