Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 10:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Нұр-Сұлтан аумағында террористік қауіптің «қызғылт сары» (жоғары) деңгейін енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Elorda.info  елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 09 тамыздағы №611 жарлығының талаптарына сәйкес, елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімімен Нұр-Сұлтан аумағында 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап 14 тәулік мерзімге террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері