Нұр-Сұлтан -11.7°
×
13.01.2022, 16:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордадан бір түнде 21 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

13 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан қар күреу жұмысына 2 мыңға жуық  жұмысшы мен 1100 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадан бір түнде 21 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні ғана қаладан 21 594 текше метр қар шығарылды. Бұл шамамен 1,5 мың жүк көлігінің көлеміне тең.

Айта кетсек, биылғы қысқы кезеңде елордадан 1,8 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Ол үшін қар полигондарына шамамен 135 мың рейс жасалды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері