Нұр-Сұлтан 19.7°
×
13.01.2022, 15:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Мәсімов ісі» бойынша тың деректер шықты

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

«Мәсімов ісі» бойынша тың деректер шықты
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов қамауға алынды        

Кәрім Мәсімовтің қанша уақытқа қамалғаны белгілі болды

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды - делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: АҚШ-қа қашып кеткен экс-шенеунік Кәрім Мәсімовті кінәлап отыр

Тергеу жалғасып жатыр. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері