Нұр-Сұлтан -11.7°
×
13.01.2022, 11:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

«Атып тастар еді»: Алматы әкімі содырлардан қалай қашып құтылғанын айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайда болғанын айтты, деп жазады Elorda.info.

«Атып тастар еді»: Алматы әкімі содырлардан қалай қашып құтылғанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, сол күні ол жұмыс орнында болған, ешқайда шықпаған.

Бәріміз штабтағы жұмыс орнымызда болдық. Ешкім ешқайда кеткен жоқ. Бірінші түні-ақ мен мәлімдеме жасадым. Келесі күндері штабта отырдық. Менің басты міндетім Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер министрлігі мен басқармаға хабарласу болатын. Біз осы жұмыстармен айналыстық, - деді Сағынтаев 31-арна журналистеріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ барлық жұмыс өз мойнында болғанын атап өтті. 

Әр 5-10 минут сайын әңгіме, келіссөздер, жағдай, не болып жатқаны, қалада төтенше жағдай енгізу, қосымша күштер енгізу қажеттігі туралы баяндамалар болып жатты. Біз жұмыс орнында болып, жұмыс жасадық, үнсіз қалды деуге келмейтін шығар, - дейді ол. 

Сағынтаев содырлардың шабуылына ұшырағаны туралы да айтып берді.

Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдікті, алаңды тазартқанда, мен және штабтағы әріптестерім алаңға – әкімдікке бардық. Содырлар бізге оқ жаудырды. Жан-жақтан оқ атылды, әрең құтылып шықтық. Жүргізушінің кәсібилігінің арқасында аман қалдық. Ол болмаса барлығымызды атып тастар еді. Бірнеше адам жарақат алды. «Алматы» телеарнасының жүргізушісі қаза тапты, - деді әкім.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері