Нұр-Сұлтан -11.7°
×
13.01.2022, 10:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ҚР ҰҚК: Еліміздің 14 өңірінде жағдай тұрақталды

Қазір Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталған, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР ҰҚК: Еліміздің 14 өңірінде жағдай тұрақталды

Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр.Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғасып, террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі сақталып тұр, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері