Astana LRT жобасындағы қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп, АҚШ-қа қашып кеткен Қанат Сұлтанбеков facebook-парақшасында бүгінде қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қарата жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Енді сіз, Мәсімов, неліктен Astana LRT жобасын тергеуге қатты кедергі келтіргеніңіз және өзіңізге берілген барлық өкілеттіктермен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын ұрлады деп маған барлық айыпты арта салғаныңыз белгілі болды. Сіз 2015 жылдың желтоқсанында осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай Даму банкінен несие алудың бастауында тұрдыңыз, – деп жазды ол.