Нұр-Сұлтан 13.4°
×
12.01.2022, 09:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Бүгіннен бастап автоХҚКО-лар ашық

Бүгіннен бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта жандандырады, деп хабарлайды Elorda.info.

Бүгіннен бастап автоХҚКО-лар ашық

Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

Әзірге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚКО-лары ғана ашылмайды.

Аталған өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚКО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері