Нұр-Сұлтан 24.1°
×
11.01.2022, 17:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің call-орталығына 3 күнде 1 мыңнан астам өтініш түсті

8-11 қаңтар аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, автогаз, бензин, дизель отыны, такси қызметтері мен агрегаторлары бағасының өсуі бойынша шағымдарды қабылдайтын қауырт желі арқылы азаматтардан 1 060 өтініш келіп түсті, деп хабарлады Elorda.info Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің call-орталығына 3 күнде 1 мыңнан астам өтініш түсті

Ведомствоның мәліметінше, «жедел желіге» келіп түскен барлық шағым зерттеліп, олардың әрқайсысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық қоңыраудың 70%-дан астамы Алматы қаласының тұрғындарынан келіп түскен.

Осы күндері шағымдардың басым бөлігі азық-түлік бағасының қымбаттауына, олардың сапасына (мерзімі өткен өнімдер сатылуда), сатушылардың әділ еместігіне ( тауар бағасы чектегі бағамен сәйкес келмейді) байланысты болып отыр. Алматы қаласының жекелеген аудандарының тұрғындары азық-түлік тауарларының болмауына шағым түсіруде.

Сонымен қатар, газ баллоны, (Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Өскемен, Алматы облысы, Түркістан және Қарағанды облыстары), АИ92 маркалы бензин (Қарағанды, Атырау, Алматы, Жамбыл облысы), дизель отыны (Нұр-Сұлтан, Павлодар), такси қызметтері (Нұр-Сұлтан, Түркістан облысы) бағаларының қымбаттауына қатысты шағымдар келіп түсті.

Жедел ден қою үшін шағым түсірушілердің барлығынан бағаны көтерген сауда объектілерінің, жанар-жағармай құю стансаларының атауын және мекенжайларын, такси көлігінің мемлекеттік нөмірін, азық-түлік өнімі атауларын, сондай-ақ бағаны көтергендерін растайтын кез келген ақпаратты хабарлауларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше чектер, төлем скриншоттарын, такси қызметін шақыру бағасын және т.б жіберулеріңізді сұраймыз, делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері