Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Сөзсіз басымдық – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл – бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Мұғалім – мектептің жүрегі». Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын, - деді Президент бүгін өткен Мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ Қ. Тоқаев жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.