Нұр-Сұлтан 17.1°
×
10.01.2022, 17:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Бұл жағдай Өзбекстанда да болуы мүмкін»: Лукашенко ескерту жасады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің Қазақстандағы оқиғаларға арналған отырысында сөйлеген сөзінде тағы бір посткеңестік елде осындай проблемалар туындауы мүмкін деп болжады, деп хабарлады Elorda.info

«Бұл жағдай Өзбекстанда да болуы мүмкін»: Лукашенко ескерту жасады
Фото: EPA

Лукашенко Қазақстан шекарасында көптеген халықаралық лаңкестер мен «Орталық Азиядағы посткеңестік республикалар төңірегіндегі жағдайды ушықтырып жібергісі келетіндер» жиналғанын айтты. Ол Қазақстан мен Қырғызстанды қордаланған мәселелерді шешуге шақырды.

Болған нәрседен сабақ алу керек, әсіресе, Өзбекстанға сақ болған жөн. Егер оқиғалардан сабақ алынбаса, біздің ақпаратымыз бойынша, бұл жағдай Өзбекстанда да болуы мүмкін, - деді Лукашенко.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері