Нұр-Сұлтан 9.9°
×
10.01.2022, 12:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда 102 әуе рейсі орындалмайды

Бүгінге 193 рейс жоспарланған, оның екеуі кешігеді. 

Қазақстанда 102 әуе рейсі орындалмайды

Air Astana мен Fly Arystan әуе компаниялары – 134 рейс, SCAT – 37 рейс және Qazaq Air 22 рейс орындайды. 

Рейстердің ұшпауы мен кешігуінің негізгі себебі – Алматы әуежайының жабылуы. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әзірге нысанның жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан бойынша 34 халықаралық рейс орындалады. Ал 18 рейс орындалмайды. 

Нұр-Сұлтаннан Мәскеу, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Ыстамбұл және Пхукетке әуе рейстері орындалады. Франкфурт пен Екатеринбургке 4 рейс ұшпайды. 

Ақтау, Шымкент, Түркістан және Ақтөбеден Дубай, Ыстамбұл, Абу-Даби, Ташкент, Мәскеу, Киев, Үргенішке 15 халықаралық рейс орындалады. 

Ал "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшақтары Нұр-Сұлтанға ұша бастады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері