Нұр-Сұлтан 26.7°
×
08.01.2022, 00:42
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұр

Қазақстанда мобильді банк қосымшаларының жұмысы қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Elorda.info Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұр

Мемлекет басшысының қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау барысында Қазақстанның Ұлттық банкі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді, - делінген хабарламада.

Оған сәйкес, еліміздегі ірі банктердің - Halyk Bank (Homebank қосымшасы) пен Kaspi.kz клиенттері мобильді қосымшаларды интернетке кірмей-ақ қолдана алады. Ол үшін мобильді байланыс болуы шарт. Соның ішінде, Алматы қаласының тұрғындарына да банк қосымшалары қолжетімді.

Тұрғындар әдеттегідей қосымша арқылы есеп айырысып, мобильді төлемдер және басқа да қажетті операциялар жүргізе алады. Қазіргі уақытта басқа да екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.


 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері