Нұр-Сұлтан 16°
×
05.01.2022, 14:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде 1,6 млн-нан астам адамның табысы өседі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 41%-ға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде 1,6 млн-нан астам адамның табысы өседі

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларға еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 60 мың теңгеге дейінгі 1 млн 650 мың жұмысшының ақшалай кірістері өседі.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі жалақысы төмен қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен жыл сайын белгіленеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері