×
29.12.2021, 15:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада дін өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы: жетістіктері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады  Elorda.info.

Елордада дін өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есім және елорданың діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Қала әкімінің орынбасары тәуелсіздік жылдары қазақтың қонақжайлығы және әрбір этностың ұлттық бірегейлігіне негізделген этносаралық және дінаралық қатынастардың жаңа жүйесінің негізі қаланғанын атап өтті.

Осы жарты жыл көлемінде сіздермен бірлесе бірқатар іс-шара атқардық. Осы сәтті пайдала отырып, құрметті қатысушылар, сіздерді тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған осы шарада көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі іс-шараның тақырыбы барлық қазақстандықтар үшін маңызды екендігін атап өткім келеді. Себебі әр мемлекетте ұлтаралық келісім - мемлекет тұрақтылығының негізі болып қабылданады. Елорда әкімдігі тарапынан бұл жұмысты ұйымдастыруда қолдау көрсетуге әзірміз, - деді Асхат Оралов.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру, елдің дін саласындағы жетістіктері мен даму үдерісін талқылау.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастық орын алған. Осындай жақсы қарым-қатынастың арқасында діни бірлестіктер қоғам өмірінің түрлі салаларына өз үлестерін қосып, сол арқылы зайырлылық пен діни принциптер үйлесімді қолданылуда. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік органдар діни бірлестіктермен бірлесіп түрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, жас ұрпақты патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған диалог алаңдары, семинарлар, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды, – деді Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов.

Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттің дін саласындағы оң жетістіктерін, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын, елдегі конфессияаралық және ұлтаралық келісімді, халықтың мемлекет жүргізіп жатқан саясатқа көрсетіп жатқан қолдауын атап өтті. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері