Нұр-Сұлтан 18.6°
×
28.12.2021, 20:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл елордада 100-ден астам көше салынып, жөнделді

Биыл елордалық әкімдік өкілдері 5 мыңнан астам қала тұрғынды қабылдады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Elorda.info.

Биыл елордада 100-ден астам көше салынып, жөнделді

“Бүгін азаматтарды кезекті рет қабылдадым. Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтарымыз көмектеседі. Олардың қатарында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, биылдың өзінде аталған орталықтар қала тұрғындарының 150 мыңнан астам өтінішін өңдеді.

Биыл бірқатар мәселе шешілді, олар бойынша қала тұрғындары бірнеше рет жүгінді. 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп салынды, "үй маңындағы дәрігер" нысандары ашылды, оңалту орталықтары мен аула клубтарының желісі кеңейтілді, 100-ден астам көше салынып, жөнделді, 9 елді мекенге газ тарату желілері жүргізілді және т.б.

Азаматтарды қабылдау кезінде келіп түскен мәселелерді ескере отырып, келесі жылға алдын ала жоспар дайындалады”, – деп жазды әкім.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері