Нұр-Сұлтан 19.8°
×
27.12.2021, 12:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Баланы оқтаумен ұрған балабақша қызметкері жұрттың наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тәрбиеші балалардың құлағынан тартып, тіпті біреуінің ернін жыртып жіберген бейнежазба тарап жатыр. Қызу талқыланып жатқан бейнежазбадан балабақша тәрбиешісінің кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін де көруге болады, деп хабарлады Elorda.info.

Баланы оқтаумен ұрған балабақша қызметкері жұрттың наразылығын тудырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бейнежазба авторы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Instagram-дағы ресми парақшасын белгілеген.

Ерні жыртылған, денесінде қатты соққыдан қалған іздер бар. Құлағын жұлып, шашынан сүйреп жүр. Мынау расымен балабақша ма? Асхат Аймағамбетов, сіз министр болғалы мұндай жағдай жиі қайталанып жүр. Тәрбиешінің бұл әрекеті қылмыс қана емес, адамдар соның кесірінен басқа да тәрбиешілер мен балабақшаларға сенуден қалады, - деп жазған видео авторы.

Осы фактіге сай ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс материалы Алматы қаласы Жетісу аудандық ПБ өндірісінде жіберілді.

Тергеу кезінде аталған жайтқа байланысты барлық ақпарат толықтай зерттеледі. Тәрбиешінің іс-әрекеті заң жүзінде сараланып, соған сәйкес жауапқа тартылады, – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері