Нұр-Сұлтан 20.6°
×
23.12.2021, 13:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент әдебиет және өнер қайраткерлеріне Елбасының стипендиясын берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Президент әдебиет және өнер қайраткерлеріне Елбасының стипендиясын берді

Мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамы

Әдебиет қайраткерлері:

  1. Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері
  2. Алдияр Бақытжан – 1974 жылы туған, ақын, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты
  3. Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  4. Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  5. Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері
  6. Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері
  7. Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері
  8. Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Барыс"  ордендерінің иегері
  9. Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері
  10. Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері
  11. Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" және "Парасат"  ордендерінің иегері
  12. Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері
  13. Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері
  14. Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  15. Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
  16. Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  17. Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  18. Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  19. Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері
  20. Өтеулиев Бауыржан – 1969 жылы туған, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты
  21. Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  22. Сарыбаев Бейбіт – 1983 жылы туған, жазушы
  23. Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  24. Сматаев Софы –1941 жылы туған, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  25. Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
  26. Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері
  27. Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өнер қайраткерлері

  1. Әбдіреев Марат – 1965 жылы туған, суретші
  2. Андриасян Рубен – 1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі
  3. Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  4. Ахметова Мәрия – 1921 жылы туған, музыкатанушы
  5. Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  6. Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  7. Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған,  әнші, "Славянский базар-2021" халықаралық конкурсының жеңімпазы
  8. Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  9. Бекназар-Ханинга Лейло – 1960 жылы туған, актриса
  10. Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші
  11. Джалилов Самат – 1990 жылы туған,  кинорежиссер
  12. Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  13. Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Отан" орденінің иегері
  14. Жанботаев Досжан –1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  15. Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Отан" орденінің иегері
  16. Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері
  17. Зайберт Виктор – 1947 жылы туған, археолог
  18. Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  19. Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист
  20. Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  21. Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
  22. Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері
  23. Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  24. Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
  25. Қосымбаев Мэлс – 1970 жылы туған, айтыскер
  26. Максим Ержан – 2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
  27. Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
  28. Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
  29. Наурыз Ернат – 1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
  30. Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және ІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері
  31. Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
  32. Олжабай Темірлан – 1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
  33. Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  34. Орымбаева Гүлсәуле – 1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  35. Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет"  және "Парасат" ордендерінің иегері
  36. Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің   халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  37. Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
  38. Сұлтанов Сүндет – 1992 жылы туған, балет солисі
  39. Сіргебаев Ескен – 1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  40. Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
  41. Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  42. Тұрдығұлов Жолаушы – 1950 жылы туған, суретші
  43. Тұрысбек Секен – 1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  44. Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  45. 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  46. Тілеубаев Қуат – 1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  47. Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші, "Құрмет" орденінің иегері
  48. Шынарбаев Ермек – 1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері