Нұр-Сұлтан 18°
×
22.12.2021, 16:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Байланысы нашар мобильді операторлар жазаланатын болады

Мәжіліс депутаттары "ҚР байланыс мәселелері бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын талқылауға кірісті, деп хабарлайды Elorda.info.

Байланысы нашар мобильді операторлар жазаланатын болады

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасыАрман Қожахметовтің Мәжілістің пленарлы отырысында аталмыш құжатты Президент тапсырмасын іске асыру шеңберінде Парламент депутаттары әзірлегенін атап өтті.

“Бұл заң жобасы цифрлық теңсіздік жоюға, интернет пен сапалы байланысқа максималды қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасы ҚР ӘҚК 637-бабы 1-бөліміне сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын әкімшілік айыппұлды арттыру арқылы байланыс операторларының жауапкершілігін көбейтуге мүмкіндік береді”, – деді депутат.

Сондай-ақ ол жаңа заң жобасының азаматтардың сапалы байланыс пен интернетке қолжеткізу құқығын қорғап, операторлар арасындағы бәсекеге қосымша жағдай жасайтынын айтты.

Заң жобасы Парламентте келер жылы қаралады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері