Нұр-Сұлтан 15.9°
×
20.12.2021, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылды

Бүгін «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві жанындағы Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады  Elorda.info.

Елімізде архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылды

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, ғалымдар, архив саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын ашатын фотоқұжаттық экспозициялармен танысты.

Құттықтау сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов архив саласын жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық архивтердің қызметін автоматтандыру, ақпараттық технологияларды енгізу бойынша қабылданған шараларды атап өтті. Мемлекет «архивші» мамандығының беделін арттыру, кәсіби кадрларды тарту мақсатында кешенді шаралар қабылданғанына назар аударды. Оның ішінде, жалақыны жыл сайын көтеру, дуалді білім беру, «Болашақ» стипендиясын тағайындау т. б. бар.

Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова архив саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, оның ішінде салалық мамандықтар бойынша – реставратор, ғылыми-техникалық және аудиовизуалды құжаттарды өңдеу бойынша алғаш рет ашылған орталықтың маңыздылығын атап өтті.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері