Нұр-Сұлтан 17°
×
20.12.2021, 12:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жақын арада елімізге екі жақтан "демографиялық қысым" болады – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жақын арада Өзбекстан мен Қытай халқының өсуі себебінен елімізге «демографиялық қысым» боларына, сондықтан сапалы демографиялық дамудың  кешенді бағдарламасын іске асыру керектігіне алаңдайды, бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elorda.info.

Жақын арада елімізге екі жақтан "демографиялық қысым" болады – Мәжіліс депутаты

«Жақын болашақта еліміздің демография, халықты орналастыру мәселесі өте өзекті болады. Қытай компартиясы азаматтарына "бір жанұяға 3 бала" деген тапсырма берді. Бұл тапсырманың артында төрткүл дүние үшін орасан зор экономикалық, саяси салдар тұр. Демография бойынша біздің көрші Өзбекстан  тұрақты өсіп келеді. Яғни, бізге екі жақтан "демографиялық қысым" болады деген сөз. Екеуі де бізге ауыр тиері сөзсіз», – дейді депутат.

Оның айтуынша, қазір елімізде демография, халықты біркелкі орналастыру, территорияларды кешенді дамыту мәселелері көңіл көншітпейді.

«Қазақстанда демографиялық өсім бар, дегенмен, бұл өсімнің мөлшері көршілерімізден көшкеруен төмен болып тұр. Біздің ірі (Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен) қалалар ауыл-аймақтың халқын өздеріне жылдам түрде жиып алып жатыр. Әсіресе шекаралық аймақтардың территориясы бос қалу қаупі бар.

Осы орайда депутат қандай іс-шаралар қолға алынуы керектігін атап өтті.

«Шекаралық аймақтар, шығыстағы көршімізбен шекаралас аудандарды кешенді дамытудың философиясын ұсынып, іске асыру қажет. Ол жақта адам болмаса, мемлекет емес, жәй ғана территорияға айналу қаупі бар. Сырттан "алакөздену" жиілейді деген сөз. Шеттен өзіміздің қандастарымызды көшіріп әкелуді шапшаңдатып, әлеуметтендіруді тездету керек», – деп жазды Е. Сайыров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері