Нұр-Сұлтан 19.1°
×
14.12.2021, 23:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Байқоңырдағы барлық, оның ішінде ресейлік мектептерде де қазақ тілі оқытылатын болды

Байқоңырдағы барлық мектептерде қазақ тілі оқытылатын болды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Байқоңырдағы барлық, оның ішінде ресейлік мектептерде де қазақ тілі оқытылатын болды

“Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқыту стандарттарына қарамастан, яғни мейлі қазақстандық, мейлі ресейлік стандарт болсын, қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы оқытылатын болды”, – деді әкім. 

Оның айтуынша, бұл мәселе соңғы бірнеше жыл бойы талқыланып келген. 

“Осы мәселе төңірегінде әртүрлі келіспеушіліктер болатын, бірақ бұл жолы мәмілеге келдік. Біздің мектептерімізде де, Ресейдің мектептерінде де қазақстандық балалар оқиды. Меніңше, бұл бастама балаларымыздың өз тілі мен тарихын зерттеуіне жақсы ықпал етеді”, – деп толықтырды сөзін Г. Әбдіқалықова.

Сондай-ақ ол өзіміздің тараптан мектепті білікті мұғалімдермен, оқулықтармен, қосымша материалдармен қамтамасыз ету жүргізілетінін айтты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері