Нұр-Сұлтан -11.7°
×
03.12.2021, 15:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін оңалту жұмыстары айтарлықтай кеңейтілді

Елордада оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейтіліп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.Info.

Елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін оңалту жұмыстары айтарлықтай кеңейтілді
фото: Александр Куприенко

«Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту үшін жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Мысалы, биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтермен қатар медицина қызметкерлері де балалармен айналысады. Бұл баланың физикалық, психикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, баланың жеке басын жан-жақты қалыптастыру, балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ету. Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және т.б. кабинеттер бар», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Қала аудандарында 29 "Үйдегі дәрігер" нысаны ашылды, инватакси саны 2 есеге артты. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында "қадамдық қолжетімділік" қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар және т. б. ашылады.

Бұдан басқа, өткен жылы елордада БЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды, мысалы, "Асыл Мирас" жаңа аутизм орталығы (Уәлиханов көшесі) аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50%-ға көбірек қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жоба Б.Өтемұратов қорымен бірлесіп іске асырылды. Сол үйде тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.

№ 1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен өткен жылдың күзінде "Қамқорлық" оңалту орталығы ашылды. Бұл БЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері