Нұр-Сұлтан 19.2°
×
02.12.2021, 13:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды – министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгілік өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды – министр

"Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шаралар мектептерде өткізілмейді. Бас санитария дәрігерінің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады", - деді А.Аймағамбетов Сенат отырысында.

Сондай-ақ, министрге "омикрон" штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

"Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз", - деп түсіндірді министр.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері