Нұр-Сұлтан -10°
×
30.11.2021, 20:42
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейген

Елімізде ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейе бастаған, деп хабарлайды Elorda.info.

 

 

Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейген

«Алаяқтар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, «техникалық мониторинг» мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тест режімінде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді», делінген Ұлттық банктің ескертуінде.

«Ұлттық банк «ақша жіберіңіз» деген электронды хат пен белгісіз нөмірден түскен қоңырауға жауап бермеуге кеңес береді.

«Белгісіз банк шотының реквизиті көрсетілген «аяқ асты ақшаға тап боласыз» деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, қаржы саласын реттеуші жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәміле жасамайды. Онда шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ғана ашылады. Ұлттық банктен «ақша аударыңыз» деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері