Нұр-Сұлтан -15.8°
×
29.11.2021, 16:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл еліміздегі тұрғын үй құрылысына 1,9 млрд теңге жұмсалды

Елімізде 2021 жылдың 10 айында 11,6 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Elorda.info ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл еліміздегі тұрғын үй құрылысына 1,9 млрд теңге жұмсалды

Биылғы жылдың басынан бері тұрғын үй құрылысына елімізде шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Оның ішінде 32 430 жеке үй, 1 032 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар 98,9 мың баспана салды.

2021 жылдың 10 айында тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысына жұмсалған орташа нақты шығын 3,6%-ға, оның ішінде халық салған баспана бойынша 6,6%-ға өсті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері