Нұр-Сұлтан -15.9°
×
26.11.2021, 12:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланды

Берік Әбдіғалиұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланды

Түркістан қаласында өтіп жатқан құрылтайда қоғамның вице-президенттері болып Максим Рожин мен Анар Фазылжанова сайланды. Келелі басқосуда сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдағы рөлін дамыту талқыланып, тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу ұсынылды.

Айта кетейік, бүгін Түркістанда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтуде. Ауқымды шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Парламент депутаттары қатысуда. Еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған тіл жанашырлары өзекті мәселені өзара талқыға салуда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері