Нұр-Сұлтан
24.11.2021, 18:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтардың 26%-ының үйінде бес немесе одан көп адам бар

Қазақстандықтардың 26%-ы үйінде бес және одан да көп адам тұрады, деп хабарлайды Elorda.info energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың 26%-ының үйінде бес немесе одан көп адам бар

Әлемдегі көптеген елмен салыстырғанда Қазақтанда жылжымайтын мүлікке иелік ету коэффициенті жоғары. Мысалы, зерттеу нәтижесі бойынша 2020 жылы отбасы тұрып жатқан үйдің 86,8% ондағы мүшенің біреуіне тиесілі болған. Ресейдегі көрсетшкіш – 89%.

Жылжымайтын мүлікке иелік ету коэффициенті Румыния (95,8%), Венгрия (91,7%) және Черногорияда (91%) өте жоғары. Жартылай мойындалған Косовода бұл көрсеткіш 97,8% тең, ал ең төмен көрсеткіш – Швейцария (41,6%), Гонконг (49,8%) және Германияда (50,4%).

Еуропа елдерінде үйді жалға алу қалыпты жағдай болып саналады. Сондықтан мұнда жалға берілетін тұрғын үйдің үлесі жоғары: Еуропалық одақ бойынша жылжымайтын мүлікке иелік ету коэффициенті – 69,8%. 

Қазақстанда "вольсе" және "чонсе" тарихи қалыптасқан корей жалға беру дәстүрлері де, ірі америкалық және еуропалық жалға беру тұрғын үй кешендері де жоқ. Елде үйді сатып алып тұру – қалыпты жағдай. Сонымен қатар дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда бір адамға 23 шаршы метрден келеді (Мысалы, Германияда бір адамға – 39 шаршы метр, Ұлыбританияда – 70 шаршы метр). 

Сондай-ақ елдегі қалаларда бір үйде орташа есеппен 3 адам, ауылдарда 4 адам тұрады. Халықтың 26% үйінде бес және одан да көп адам тұрады.

Былтырғы деректерге сүйенсек, әрбір оныншы үйде кемінде 4 бала бар. Қазақстандағы беби-бумды ескерсек, алдағы уақытта өз баспанасына мұқтаж балалар саны артады. Сондықтан елде баспана мәселесі өзекті бола түседі. 

Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының мәліметінше, елдегі әрбір үшінші пәтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатып алынады. Алайда әрбір бағдарламада бағасы мен мерзімі бойынша шектеулер бар, ал кейбір халық арасында танымал мемлекеттік бағдарламалар (мысалы, "Баспана хит") жұмысын тоқтатқалы жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері