Нұр-Сұлтан -0.8°
24.11.2021, 15:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Дарын» сыйлығының иегерлері белгілі болды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Дарын» сыйлығының иегерлері белгілі болды
Фото: inform.kz

Жеңімпаздарды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады.

«Дарын» сыйлығы биыл да 10 номинация бойынша берілді. «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының тізімі:

  1. «Ғылым» номинациясы бойынша – Нұрғиса Есіркегенов;
  2. «Қоғамдық қызмет» номинациясында – Балмейір Сансызбайұлы, Уәлихан Бахретдинов;
  3. «Журналистика» номинациясы бойынша – Ғалымжан Кеңшілік, Ақбөбек Тұлжан;
  4. «Халық шығармашылығы» номинациясында – Ардақ Елеусіз, Темірлан Олжабай, Ернат Наурыз;
  5. «Классикалық музыка» номинациясында – Алтынбек Әбілда;
  6. «Театр және кино» номинациясында – Ақмарал Танабаева, Риза Қанатқызы;
  7. «Спорт» номинациясында – зілтемірші Игорь Сон, дзюдошы Елдос Сметов;
  8. «Эстрада» номинациясы бойынша – Рухия Байдүкенова, Әлібек Алмадиев;
  9. «Әдебиет» номинациясында – Батырхан Сәрсенхан, Біржан Ахмер;
  10. «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясында Атабек Бекболатов жеңімпаз болды.

Сыйлық иегерлеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері