Нұр-Сұлтан
24.11.2021, 13:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде Қазақстан есімді 24 азамат тұрады

Елімізде Қазақстан есімді 24 адам бар, деп хабарлады Elorda.info ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде Қазақстан есімді 24 азамат тұрады

Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан есімді алты адамнан бар, Қарағанды облысында – 4, Қостанай облысында – 3, Шымкентте – 2, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бір Қазақстаннан бар.

Сонымен қатар баласының атын елдің ірі қалаларының құрметіне қойғандар да жиі кездеседі. Қазақстанда 28 адамға Семей деп ат қойған, 21 – Алматы, 18 – Түркістан есімді азамат тұрып жатыр.

15 адамға Атырау, 14 адамға Тараз, 12 адамға Қостанай, 11 адамға Ақтау деп ат қойған.

Сонымен қатар елде 10 Нұр-Сұлтан мен 3 Шымкент, бір Талдықорған мен бір Ақтөбе есімді азамат бар.

2021 жылдың 1 қазанындағы ақпарат бойынша елде 19,1 миллион адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,3%-ке артық. 2020 жылдың қазанында 18,8 миллион адам тұрды.

Өңірлерге бөлгенде халықтың басым бөлігі Алматы облысында тұрады – 2,1 миллион адам. Түркістан облысында да 2,1 миллион адам бар.

Одан кейін Алматы тұр, қалада 2 миллион адам бар.

Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген, онда 539,4 мың адам тұрады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері