Нұр-Сұлтан -6.3°
24.11.2021, 10:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Семейде жауынгер-интернационалистке құрмет көрсетілді

Семейде «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі тәжік-ауған шекарасында қарулы лаңкестермен қақтығыста батырлық көрсеткені үшін, өмірін сарп етіп, қызметтестерін құтқарғаны үшін жауынгер-интернационалист Раджан Батырқановты ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов медалімен қаза тапқаннан кейін марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Семейде жауынгер-интернационалистке құрмет көрсетілді

Сонымен бірге, ұйым атынан қаза болған батырдың отбасына 1 миллион теңге көлемінде материалды қолдау көрсетілді.

«Перзентіңіздің ерлік ісі – батырлықтың айқын көрінісі. Ол тек біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де мойындалған. Раджан марапатталып отырған естелік медаль – Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне аталған. Ол кісі де осындай жаста Кеңес Одағының Батыры атанды», – деді РҚБ президиумының төрағасы Махмұт Телегусов батырдың анасына естелік медальді табыстап.

Облыстық Офицерлер үйінде өткен салтанатты шарада офицерлер, солдаттар және жас әскерге шақырушыларға Раджан Батырқановтың ерлік ісі ерекше әсер етті.

Іс-шараны қорытындылай отырып, генерал-майор Телегусов «Әділдік жолы» РҚБ-на алғыс білдірді. Ұйым осыған дейін қол қойылған меморандумға негізделіп, салтанатты басқосудың ұйымдастырылуына қолдау көрсетті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері