Нұр-Сұлтан -0.8°
16.11.2021, 12:25
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысты

1 қарашадағы жағдай бойынша 584 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, оларға 689,2 мың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді. 434,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 315,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысты

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқамерзімді курстарға 16,9 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 15 мың адам жіберілді.

8 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,8 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,9 мың адам; жастар практикасына – 25,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 129,5 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 814 отбасы немесе 6 102 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 610 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 1 866 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 130 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 8 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқамерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері