Нұр-Сұлтан 28.4°
×
13.11.2021, 12:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бір емес, 46 пәтердің балконына есік салу есте болмапты

СҚО Шал ақын ауданында мердігерлер көпқабатты үйдің құрылысы барысында балкондарға кіретін есік салуды ұмытып кеткен. Құрылысшылардың ағаттығын байқаған тұрғындар мұны телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бір емес, 46 пәтердің балконына есік салу есте болмапты

Бұл баспана негізінен 60-жылдары салынған. Жылдар бойы иесіз тұрған үйді жеке инвестор қалпына келтіруді қолға алғанмен, жобалық-сметалық құжаттамаға балкондарды жаңғырту жұмысы енбей қалған.

«46 пәтерлі тұрғын үй 90-жылдардан бастап қаңырап бос тұрды. Бүгінде құрылысшылар оны жеке инвестицияның қаражатына қалпына келтіріп жатыр. Құрылысшылар балкондарды жобаға енгізбегенін жеткізді. Бірақ үйдің қасбетін бүлдірмеу үшін оны бұзбауды жөн көрді. Аудандық әкімдік құрылыс компаниясына балкондарды алып тастауға кеңес берді», - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері